Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Ертістегі жас суретшілер мен географтардың австриялық қонақпен кездесуі
24-07-2022 13:38
Ертістегі жас суретшілер мен географтардың австриялық қонақпен кездесуі

20 шілдеде  «Ертіс пен Есіл арасында» атты халықаралық жобасы шеңберінде, Ертіс өзені бойынша «Көшпенді» теплоходында Омбы облысы (Ресей), Исилькуль қ. өнер мектебі және Павлодар қ. балалар көркемсурет мектебі (Қазақстан) қатысқан пленэр өтті. Бұл іс-шараның алдында Павлодар және Есілкөл мектептері оқушыларының арасында бірлескен он-лайн көрмесі өткен еді, онда Павлодар қ. БКМ тәрбиеленушілерінің 51 жұмысы қойылды. Көрме облыстық өнер мұражайының негізгі кіреберісіндегі үлкен экранда қойылды.

Іс-шараны ұйымдастырушы Облыстық көркемсурет мұражайы болып табылады, пленэр өткізуге Павлодар қаласының география үйі белсенді қолдау көрсетті. Пленэрде Павлодар қ. БКМ төрт жас суретшісі: Карина Мусабаева, Азиза Бауржан, Елизавета Кущенко, Полина Ромакер мектебіміздің ұстазы А.И.Кисамиденованың жетекшілігімен Ертіс жағалауының түрлерін пастельмен, түрлі-түсті қарындаштармен және басқа да графикалық материалдармен суреттеді. Жас суретшілердің пленэрімен бірге теплоходта география үйі жанындағы Форватер жазғы лагерь қатысушыларының кезекті сабағы өтті. Көркемсурет мектебінің оқушылары лагерьдің қатысушыларымен бірге, Павлодар географиялық қоғамының мүшелері мен оқытушылары баяндаған Ертіс өңірінің тарихы туралы қызықты әңгімелерді тыңдады. Бұл қызықты сапарға алыстағы Австриядан (Вена қ.) келген қонақ-математика және орыс тілі мұғалімі, лингвист, этнограф, мәдениеттанушы, саяхатшы Камилло Брайлинг қатысты. Пленэр - саяхат соңында балалар көркемсурет мектебінің оқушылары география үйіне өз жұмыстарын сыйға тартты. Пленэр пайдалы және қызықты болды.