Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған облыстық балалар сурет байқауы
24-07-2022 12:50
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған облыстық балалар сурет байқауы

Жаз айларында Балалар көркемсурет мектебі Павлодар облысының білім басқармасымен бірлесіп Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған облыстық балалар сурет байқауын өткізді. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші Балин Алексей Александровичтің төрағалық етуімен қазылар алқасы 2 жас категориясы бойынша 12 жеңімпазды анықтады: 10 мен 13 жас, 14 пен 16 жас. 1-орынды Анастасия Григораш пен Инзара Мерлан, сондай-ақ Русия Жукан мен Анастасия Пичахчи иеленді. 2 орын – Сабина Досахметова, Муслим Диляра, Дана Құнязова, Аяжан Айтбаева. 3 орын студенттерге бұйырды: Киноятов Ислам, Богданович Милана, Балтабаева Дария және Кадешова Камила.

  Байқауға облыстың 17 оқу орнынан барлығы 73 қатысушы бақ сынады.