22 қазан күні Балалар көркемсурет мектебінде Республика күніне орай ұйымдастырылған қаламектептері оқушыларының арасындағы «Менің Қазақстаным»бейнелеу өнері байқауының марапаттау рәсімі өтті. Павлодар қаласыныңбілімберу бөлімінің бастамасымен ұйымдастырған бұл іс-шара өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен өнерін сақтау рухына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне құрмет рухына тәрбиелеуге негізделген.
Сайысқа Павлодар қаласының 17 мектебінен 100-ге жуық оқушы қатысты. Солардың ішінде№43 ЖОМ ; №9 ЖОМ, К.Бекхожин ат. ЖОМ, №36 ЖОМ; №14 ЖОМ; №6 ЖОМ; №2 ЖОМ; №34 ЖОМ; №40 ЖОМ; №41 ЖОМ; №24 ЖОМ; Жетекші ауылының ЖОМ; №11 ЖОМ; №29 ЖОМ: №16 лицей -мектебі; №39 ЖОМ; «Солнышко» дамыту орталығы.
Әділқазылар алқасы, суретші Сисенғали Тленбаевтың төрағалық етуімен сайыстың 3 жас категориясы бойынша 3 жеңімпаз және 6 жүлделі орынды анықтады: 1) 7 жастан 9 жасқа дейін; 2) 10 жастан 13 жасқа дейін; 3) 14 пен 17 жас аралығында.
Байқауда келесі оқушылар жеңімпаз атанды: Нурсая Сагнаева, 9 жас, №41 ЖОМ, ұстазы Асель Бекжигитовна Бейсеева, Айару Бәкен, 11 жас, Қ.Бекхожин атындағы ЖОМ, ұстазы Гүлсім Айтмухамбетовна Бектасова, Дарья Богомолова, 17 жас, №14 ЖОМ, ұстазы Людмила Викторовна Иваненко.
2 орын келесі оқушыларға бұйырды: Варвара Цыганко, 9 жас, №34 ЖОМ, Васелина Столярова, 13 жас, №36 ЖОМ, Римма Сидоренко, 15 жас, №41 ЖОМ.
3 орынды дипломдармен келесі жас өнерпаздар марапатталды: Еркежан Ержанова, 7 жас, №11 ЖОМ, Абылайхан Жақсылықұлы, 10 жас, Камила Валиханова, 15 жас, №24 ЖОМ.