Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Волгоград қаласындағы халықаралық байқауда балалар «Өзім және әлем туралы» айтып берді
29-01-2024 17:31
Волгоград қаласындағы халықаралық байқауда балалар  «Өзім және әлем туралы» айтып берді

       2023 жылдың жазында Волгоград қаласында өткен «Өзім және әлем туралы. Адамзат қозғалуда» халықаралық балалар көркем шығармашылығы байқауына Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 43 тәрбиеленушісі қатысты.

       «2 дәрежелі лауреат» атағын педагог Батыр Маратұлы Даутовтың оқушысы Карина Смолина, 15 жаста, гуашь техникасында орындалған «Шай ішетін уақыт» жұмысы үшін, «3 дәрежелі лауреат» атағын педагог Инна Владиславовна Масленникованың  оқушысы Мирон Щеткин, 9 жаста, аралас техникадағы «Порт» жұмысы үшін жеңіп алды.

       Мектептің 11 оқушысы үздік жұмыстары үшін дипломдармен марапатталды: Роман Симонов, 12 жаста, «Өткеннен болашаққа» жұмысы үшін, аралас техника, жетекшісі Е.В.Рыжкова, Алан Естаев, 10 жаста, «Болашақ эстакадасы» жұмысы үшін, аралас техника, жетекшісі С.Е. Рейн, Октавия Синякова, 9 жаста «Қызыл пойыз», аралас техника, Элизабет Зяблицева, 8 жаста, «Көпір» жұмысы үшін, гуашь, жетекшісі Г.М.Мухаметкалина, Валерия Чембарова, 9 жаста, «ХХ ғасырдың басы» жұмысы үшін, гуашь, Александра Юда, 6 жаста, «Батыл» кеме» жұмысы үшін,Саида Аскарова, 12 жаста, «Демалысқа ұшамыз» жұмысы үшін диплом, аралас техника, жетекшісі И.В.Масленникова, Василина Столярова, 13 жаста, «Омбыға дейінгі пароход» жұмысы үшін, гуашь, жетекшісі А.С.Ловина-Самошкина, Яна Титченко, 15 жаста, «Венеция» жұмысы үшін, акварель, жетекшісі А.Н.Бабмубляк, Георгий Шапов, 10 жаста, «Біз бүгін портқа келдік» жұмысы үшін диплом, гуашь, жетекшісі Л.А. Кузнецова, Темірлан Баймуратов, 10 жаста, «Жер үсті метросы» жұмысы үшін диплом, фломастерлер, жетекшісі Ш.Р. Шушаев.