Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Кастеев шығармашылығы бойынша графика байқауы
26-04-2024 10:11
Кастеев шығармашылығы бойынша графика байқауы
Павлодар облысының көркемсурет мектептері, өнер мектептері мен студияларының оқушылары арасында өткен Қазақстандық суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған XI облыстық графика байқауына 60-тан астам бала қатысты. 
 
Байқаудың мақсаты: балалардың бойында әдемілік сезімдерін, қазақстандық суретшілердің шығармашылығына, туған елінің салт-дәстүрлері мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
 
Қатысушылар байқауға ұсынылған тақырыптардың біріне сурет салуы тиіс болды: 1) "Әбілхан Қастеевтің портреті ", 2) "Ә.Қастеевтің туған өлкесінің табиғаты ", 3) "Ана портреті",4) "Қазақ халқының дәстүрлері".
 
- Туған өлке тақырыбы мен ана тақырыбы ұлы қазақ суретшісінің шығармаларымен өте үндес. Барлық қатысушылар байқауға жақсы дайындалған. Қазылар алқасының мүшелері: суретші-шебер Ольга Ивановна Ловинаны, облыстық көркемсурет мұражайының басшысы Акертис Зикебаевича Солтанбаевты, суретші-педагог Лариса Алексеевна Кузнецованы жұмыстардың орындалуы өте тәнті етті.
 
Қазылар алқасы қарапайым қарындаш техникасында академиялық стильде кәсіби түрде орындалған портретті, ананың рухани сұлулығын жақсы жеткізе білген суретшінің ерекше ана портреттерін атап өтті, - дейді байқаудың ұйымдастырушысы Ляйля Мукарамовна Магзамова. 
 
Байқауда 1 орынды Аяна Рамазан, 8 жаста, Жаяу Мұса ат. БӨМ, Александра Положенцева, 11 жаста, Ақтоғай БӨМ, Элина Кабдрашева, 13 жаста, Ақсу қ. БӨМ, Айсана Ашикова, 16 жаста, Павлодар қ. БКМ, Ақмарал Мулдагалиева,14 жаста, Жаяу Мұса ат. БӨМ, иеленді. 
 
2 орын үшін 5 оқушы дипломдармен марапатталды: Әміржан Манап, 7 жаста, БӨМ, Елизавета Нефёдова, 13 жаста, э Назерке Жумажан, 14 жаста, Екібастұз қ. БКМ, Малика Аспан, 13 жаста, Саяжан Жасталап, 16 жаста, Павлодар қ. БКМ.
 
3 орын үшін дипломдар: Аяулым Серік, Аққулы ауданының БӨМ, Жанель Жұмағұл, 14 жаста, Екібастұз қаласының БКМ, Аружан Сламбек,11 жаста, Майқайын ауылының БӨМ, Асма Бейбіт, 7 жаста, Зура Ағбек, 16 жаста, Железинка ауылының БӨМ, оқушыларына табысталды.