Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Шебер-лайф" жобасы аясындағы шеберлік сабағы
11-06-2024 15:04

2024 жылғы 10 маусымда Балалар көркемсурет мектебінде "Шебер-лайф" жобасы аясында Мүбарак Жаманбалиновтың шығармашылығына арналған шеберлік сабағы өткізілді. №26 ЖОМ бейіндік лагерінің тәрбиеленушілері балалар ақынының "Бақа" өлеңіне иллюстрациялар салды. 6 жастан 10 жасқа дейінгі 26 орта мектептің оқушылары акварель/фломастерлер графикасы техникасында суреттер жасады. Олар өз жұмыстарында көңілді, өлең үйреніп жатқан, ән айтып, тіпті билеп жүрген бақаларды бейнеленген. Балалардың қолымен салынған бақалар ақкөңіл, күлкілі және сүйкімді болып шықты!