Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Балалардың көркем шығармашылығын дамыту
08-07-2024 11:07
Балалардың көркем шығармашылығын дамыту
Астана күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі кәдесый жасау бойынша шеберлік сабағын, асфальтта сурет салу байқауын өткізді. Мақсаты-балалардың көркем шығармашылығын дамыту, сәндік-қолданбалы өнермен айналысатын балаларды қолдау. Іс - шараларға № 17, 27 мектептерінің 3-4 сыныптарынан 40-тан астам оқушы қатысты. Шеберлік сабағының шарттары бойынша қатысушылар жеңіл пластилин мен картоннан "жапсырма" техникасында "Жарқын күн" тақырыбында кәдесыйлар орындады.
 
№ 27 ЖОМ оқушылары өздері үшін күн бейнесіндегі үлкен алқа түрінде 26 жарқын түрлі-түсті бұйымдар жасады. "Менің Астанам", "Қазақстан" тақырыптарында асфальтта сурет салу байқауына № 17 ЖОМ-нің 16 оқушысы қатысты. Суреттер әсерлі және жарқын шықты. Балалар жұмыстарында Бәйтерек, Хан Шатыр, ЭКСПО сияқты  еліміздегі белгілі Қазақстанның пейзаждарын көруге болады. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар 10 жүлделі орынға ие болды, олар Павлодар қаласының білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.