Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Павлодарлық балалар достық туралы байқауда жеңіске жетті
31-08-2024 18:51
Павлодарлық балалар достық туралы байқауда жеңіске жетті

         БКМ оқушылары «Планетадағы балалар достастығы» атты IX Ашық Халықаралық балалар суреттері байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.1 дәрежелі дипломмен Мария Волик, 2 дәрежелі дипломмен Алиса Курапова, педагогы Инна Владиславовна Масленникова, байқау дипломымен Вероника Балабовка марапатталды, жетекшісі Гүлнар Мергалимовна Мухаметкалина.

     «Планетадағы балалар достастығы» халықаралық байқауы 2006 жылдан бастап балалар мен елдер арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен өзара түсіністікті дамыту мақсатында өткізіліп келеді, бұл қазіргі әлемде өте маңызды.

«Планетадағы балалар достастығы» IX Ашық Халықаралық балалар суреті байқауы әлемнің жиырма жеті елінің он мыңнан астам жас дарындарды біріктірді.Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Вьетнам, Грузия, Иран, Италия, Қазақстан, Камбоджа, Катар, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Мьянма, Пәкістан, Ресей, Румыния, Сербия, Америка Құрама Штаттары, Сирия, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан, Франция, Чехия.Өз суреттерінде балалар өздері, өз елі, армандары, достық туралы бейнеледі.