Суретші-педагог Анна Валерьевна Аткинаның «Түстер толқуы» жеке көрмесі
2024 жылдың 4 қыркүйегінде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында Павлодар қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің суретші-педагогы Анна Валерьевна Аткинаның «Түстер толқуы» атты дебюттік жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда 20-дан астам жұмыс ұсынылған. Суреттердегі сюжеттер 2022-2024 жылдар аралығында акрил және майлы бояумен жасалған туған өлкенің саяхаттары мен мотивтерінен алынған. «Шабыт», «Ертісте», «Терезедегі көрініс», «Дала әуені», «Алмұрттар», «Сабандыкөл», «Шығыс құпиялары», «Қозы Көрпеш және Баян Сұлу», «Босфор», «Стамбул мотивтері», «Магнолия» жұмыстарынын табиғаттың сұлулығын, жыл мезгілдерін, шығыс аңыздарын, ұлттық ерекшеліктерді көруге болады. Көрме 20 қыркүйекке дейін созылады.