Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Словакиядағы халықаралық көрменің жеңімпаздары
27-09-2024 14:06
Словакиядағы халықаралық көрменің жеңімпаздары

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі –ЮНЕСКО клубы қыркүйек айында Словакияның Дунайска Стреда қаласында өткен «Цытноостров пастелдері – 2024» балалар суретінің XXV халықаралық көрмесіне 5-7 жас аралығындағы оқушыларының 30 жұмысын жіберді.

Көрмеге іріктеу турының қорытындысы бойынша павлодарлық оқушыларының 2 жұмысы қойылды. Милана Колесникова, 7 жаста, гуашьпен орындпған  «Мен суретшімін!» жұмысы үшін, Милана Жақсылыкова, 5 жаста, гуашь бояуымен салған «Күн» жұмысы үшін байқау жеңімпаздары атанды. Олардың педагогтары Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина, Инна Владиславовна Масленникова. Жеңімпаздар дипломдармен және көркем материалдар, қуыршақтар мен байқау эмблемасы бар футболкалар сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды.

-Бұл байқауға әлемнің әртүрлі елдерінен тек мектеп жасына дейінгі балалар ғана қатысады. Бұл өте қызықты байқау, онда қазылар алқасы балалардың дүниеге көзқарасын, дүниетанымын бағалайды. Біздің ең жас суретшілеріміз және олардың ата-аналары мен тәрбиешілері үшін бұл шығармашылық дамуға үлкен ынталандыру,- дейді мектеп басшысы Ляйля Магзамова.

Милана Колесникова халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы: «Көңілді түстер әлемі-2023» байқауының 2-дәрежелі лауреаты, Ярославль қ., «Шексіз балалық шақ» 2024 ж., Мәскеу.