Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Отбасындағы татулық-ел тыныштығы» конкурсы
20-12-2024 15:49
«Отбасындағы татулық-ел тыныштығы» конкурсы

     2024 жылдың 17 қарашасында Павлодар облысының білім басқармасымен зорлық-зомбылықсыз 16 күн халықаралық акциясына арналған «Отбасыдағы татулық – ел тыныштығы» облыстық конкурсы өтті.

    Конкурсқа облыстағы 25 орта мектептен 115 жұмыс қатысты. Қазылар алқасы 3 жас категориясы бойынша 1 және 2 дәрежелі 12 жеңімпазды анықтады: 1) 6 жастан 9 жасқа дейін, 2) 10-13 жастан, 3) 10-17 жасқа дейін.

    Конкурста 3 бала жеңімпаз атанды: Ертіс ауданының БШЖБҚО оқушысы, графика техникасында орындаған «Менің отбасым» жұмысымен Мариям Канат, 9 жаста, жетекшісі Жанна Ергалиевна Тютенова, №26 ЖОМ оқушысы, гуашь техникасындағы «Отбасы бақыты» жұмысы үшін Амина Айтпай, 10 жаста, жетекшісі Салтанат Калиевна Жангазинова, Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің оқушысы, аралас техникада салған «Отбасындағы тыныштық – ел тыныштығы» жұмысымен, Алуа Ербатыр, 15 жаста, жетекшісі Аимгуль Саиновна Ахметжанова.

  2 орын келесі оқушыларға берілді: «Детвора» ББК оқушысы Альназар Жартаровқа, 7 жаста, «Ел тыныштығы – отбасындғы татулық» жқмысы үшін, педагогы Диана Алексеевна Калмыкова, Абай атындағы ЖОМ оқушысы Алькаир Серикпаевқа, 11 жаста, «Біз отбасымен біргеміз» түрлі-түсті қарындаш техникасында орындаған жұмысы үшін, ұстазы Әдебиет Хамдолдаұлы Сайырхан, №32 ЖОМ оқушысы Руслан Нурпеисовке, 14 жаста, «Менің отбасым» жұмысы үшін, ұстазы Асемгуль Сериковна Бексейтова.

    6 оқушы 3 орын жүлдегерлері атанды: Полина Полингер, 8 жаста, Ақсу қаласының №4 ЖОМ оқушысы, гуашь техникасындағы «Менің отбасым» жұмысымен, оқытушысы Татьяна Анатольевна Евсикова, Жазира Бағадат, 8 жаста, Железин ауданы Алакөл ЖОМ оқушысы, гуашь техникасында орындаған «Менің отбасым» жұмысы үшін, ұстазы Гульназ Бақытжанқызы Омарова, Мүкәрәәм Зерде, 13 жаста, Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің оқушысы, аралас техникадағы «Отбасы татулығы – ел тыныштығы» жұмысы үшін, мұғалімі Маржан Ахмедиевна Баймульдина, Диана Абдыгалиева, 13 жаста, №33 ЖОМ оқушысы аралас техникада салған «Отбасыдағы татулық – ел тыныштығы» жұмысымен, мұғалімі Бахытгуль Ашимовна Турсуканова, Төрехан Сансызбай, 14 жаста, Жалаулы ауылындағы Алшынов атындағы ОМ оқушысы, түрлі-түсті қарындаштармен орындаған «Менің отбасым» жұмысымен, ұстазы Жансая Калимат, Талшын Орынбай, 16 жаста, Тереңкөл ауданы, Иваново ОМ оқушысы, гуашьпен салған «Зорлық-зомбылықсыз әлем» жұмысы үшін, мұғалімі Тұяқбаева Жибек Бегендыковна Туякбаева.