Екібастұз қаласындағы қысқы конкурс туралы

«Қысқы қиялдар – 2025» ХІХ облыстық конкурсы Екібастұз қаласында өтті. Конкурсқа Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінен 6 оқушы қатысып, 3 бала марапатқа ие болды.
Алина Қабжамит, 14 жаста, түрлі-түсті қарындаштармен орындаған «Халық биі» жұмысы үшін 2-орынға ие болды, жетекшісі Анжелика Николаевна Бамбуляк.
2 оқушы ынталандыру сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды: Олейник Екатерина, 14 жаста, гуашь бояумен салған «Ақшақар жасаймыз» жұмысы үшін, жетекшісі Дарья Карангуровна Батмаева, Дина Ғылымбек, 13 жаста, «Жаңа жылға дайындық» аралас техникада орындаған жұмысы үшін, жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн.