Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Балалар әлемді бейнелейді
18-10-2016 06:36
«Балалар әлемді бейнелейді. Азия» Халықаралық фестивалінің конкурсына Павлодар қаласының № 1 Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы оқушылардың 61 суреті жіберілді. Олар кескіндеме, графика, аралас техникасында орындалған болатын. Соның ішінде жеңімпаз болып мектептің 19 жас дарыны танылды: Попова Евгения, 4 жаста, Таженова Саида, 5 жаста, Финк Марк, 6 жаста, Бахроминова Меруерт, 7 жаста, Полякова Дарья, Шамиева Айгерим, Савицкая Алина, 8 жаста, Сумина Милана, Моторная Анна, 9 жаста, Румянцева София, 10 жаста, Попова Диана, 11 жаста, Шалагина Мария, 12 жаста, Кусаева Лейла, 13 жаста, Оленич Виктория, Воронов Виталий, Анциферова Анастасия, Мураева Валерия, 14 жаста, Никитенко Даниил, 15 жаста. Қатысушы-жеңімпаздарын мадақтау салтанатына және «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» арнайы альбом алғашқы таныстыруына 2016 жылы қыркүйекте Павлодар қаласының №1 балалар көркемсурет мектебінің фестиваль жеңімпаздарының атынан Оленич Вероника барды. Альбомға мектеп жеңімпаздарының барлық 19 суреттері еңгізілді. «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» Халықаралық фестивалі Алматыда қаланың 1000 жылдығын тойлау аясында ЮНЕСКО қамқорлығымен 2016 жылы 7 қыркүйекте өткізілді. Іс шараның ұйымдастырушы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Қоры және Алматы қаласы әкімдігі көмегімен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы шықты. Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Японияның 7000-ға жуық жас суретшілерін қамтыған жоба шығармашыл жастардың дамуын, ұлт аралық түсінісушілікті, сонымен қатар, аймақ мемлекеттерінің өскелең жастарының достастығын нығайтуға бағытталған. Жоба аясында балаларға бейнелеу өнері және қолөнері саласында мастер-кластар, достастық пен мәдениет алмасу кештері, әр мемлекеттің мәдениетін таныстыру және де ауқымды экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды.