Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
« Бәрі көгілдір, бәрі жасыл» атты Польшада өткен XVIII Халықаралық байқауы
20-01-2016 09:27
2015 жылдың желтоқсан айында Польшада өткен Халықаралық «Бәрі көгілдір, бәрі жасыл» атты байқауының нәтижелері белгілі болды. Торунь қаласында өткен бұл байқауға 54 мемлекеттен 3000 жас суретшілер қатысты. Қазақстаннан бұл байқауға 23 оқу мекемелерінен жіберілген 451 жұмыс қатысты, соның ішінде Павлодар қаласының №1 Балалар көркемсурет мектебінің 50 жұмыстары бар. 12 жыл қатарынан №1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары бұл байқауға қатысады және ұдайы жүлделі орындарды иеленеді. Қазақстаннан жіберілген жұмыстардың арасында бір жас суретшінің жұмысы бас бәйгеге, медальге, лайықты болды. Ол - «Бүлдіршіндер елі» өнерстудиясының оқушысы, Финк Марктың (5 жас), Л.Б.Илларионова оқытушысының жетектеуінде орындалған «Атпен шауып келемін» атты жұмысы. Байқау дипломдарымен белгіленген 10 суретшілерінің үшеуі - №1 БКСМ тәрбиеленушілері: «Афрbкаға жол» - Саттарова Дария (жет.Г.Е.Даирова), «№26 автобус» - Пискунова Варвара (жет.Л.Б.Илларионова), «Күнбағыстар елінде» - Илларионова Анастасия (жет.С.Е.Рейн).