Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"БАЛТЫҚ "МУЗАСЫ" - 2015"
01-10-2015 05:00
Балтық музасы - 2015 Павлодар қ. №1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары "Балтық музасы" атты Халықаралық балалар бейнелеу шығармашылығының конкурс-фестиваліне үшінші жыл қатарынан қатысып, жеңімпаз атанып отыр. Бұл конкурс 2015 ж маусым айының 4-10 аралығында Литваның Вильнюс қаласында өтті. Конкурсқа "Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 75 жыл" тақырыбындағы түрлі техникаларда орындалған 50 жұмыс жіберілінді. Конкурс қорытындылары бойынша "Үздік жұмыс үшін" номинациясында 5 жасар Омаров Багустар- "Атамның портреті" жұмысы үшін, 8 жасар Шайхутдинова Валерия - "Майдандастар кездесуі" атты жұмысы үшін, 7 жасар Лисичкина Дарья - "Сарбаз кетіп барады" атты жұмысы үшін, 15 жасар Мошнова Елена - "Қайта ораламын- күт мені" атты жұмысы үшін медальмен марапатталды. Бұл жұмыстар басқаларынан қайталанбас композициясымен, орындау техникасының жлғары деңгейлігімен, тақырыптың өзгеше көрсетілуімен ерекшеленеді. "Овация" номинациясындағы медальмен 6 жасар Крысова Марияның "Рахмет саған, сарбаз!" атты жұмысы, 9 жасар Румянцева Софияның- "Салем, Жеңіс!", 9 жасар Павлюк Каринаның- "Аспан әрқашан ашық болсын!", 8 жасар Сумина Милананың - "Батырларымыз ешқашан ұмытылмайды", 7 жасар Якутова Софияның-"Біз атамызды құттықтаймыз", 10 жасар Рурак Полинаның - "Жеңіс күні - Павлодарда", 8 жасар Щербакова Аринаның - "Гүлдеген мамыр" сияқты жұмыстары белгіленді. Балалар Гүлназ Ержанқызы Даиирова, Лариса Алексеевна Кузнецова, Лариса Борисовна Илларионова, Инна Владиславовна Масленникова, Наталья Ивановна Шахова сияқты ұстаздардың көмегімен осындай қиын тақырыпты ашып, көрермендерге өз ойларын жеткізе алды.