№1 Балалар көркемсурет мектебінің қабырғасында Бұхар Жырау атындағы Облыстық әдебиет және өнер мұражайының 25-жылдығына орай ұйымдастырылған «Мұражайды бейнелеймін» атты Павлодар қаласының көркемсурет мектептерінің оқушылары арасында балалар шығармашылығының байқауы өтті. Байқауға 12 жас суретшілердің жұмыстары қатысты. Әр қатысушы қаламыздың тарихи және сәулет мұрасына деген қатынасын бейнелеп, байқау тақырыбын ашуға ерекше көңіл бөлді. Байқаудың келесі қатысушылары дипломдар мен құнды сыйлықтармен марапатталды: 1 орын үшін 10 жасар Ахметова Томирис – «Серуен» (жет. Л.Б.Илларионова) және 15 жасар Моисей Юлия – «Қыс» (жет. Л.А.Кузнецова), 2 орын үшін 11 жасар Крачковская Анастасия – «Пленэрде» (жет. Н.И.Шахова) және 15 жасар Овчинникова Александра – «Қысқы кеш» (жет. Е.И.Дистель), 3 орын үшін 10 жасар Ромакер Полина – «Мұражай» (жет. Л.Б.Илларионова). Сонымен қатар, «Кешкі серуен» жұмысы үшін 11 жасар Неяскина Дарья (жет. А.В.Аткина) және «Қысқы күн» жұмысы үшін 10 жасар Тимошенко Анастасия (жет. Л.Б.Илларионова) «Өзіндік шешім» номинациясында дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Мұражайды бейнелеймін