№1Балалар көркемсурет мектебінде ұйымдастырылатын шеберлік сабақтар әрқашан өте қызықты, үйлесімді шығармашылық әңгімелерге толы болып өтеді. Қыркүйектің 21 жұлдызында біздің мектепте тағы бір сондай облыстың қосымша білім беру оқытушыларына арналған шеберлік сабағы өтіп кетті. Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сәндік-қолданбалы өнеріндегі ұлттық дәстүрлері » тақырыбында өткізілді .
Екібастұз қ., Ақсу қ., Ертіс а.,Тереңкөл а., Шалдай а.,, Баянауыл а.,, Май а. Келген оқытушылар«Жүннен киіз басу» және «Қыш тақташадан сәндік панно жасау» атты заманауи танылған сәндік-қолданбалы техникалармен танысты.Шеберлік сабақтарын №1 Балалар көркемсурет мектебінің жемісті оқытушылары С.И.Абишева және Е.И.Дистель өткізді.
Киіз басу қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрлі өнеріекені белгілі. Қазақ халқы киізден жасалған кілемдермен әшекейленген киіз үйлерде өмір сүрді, киізде ұйықтады, киізден жасалған киім киді, аттарын киізбен жапты. Солай, шеберлік сабақтың оқушы-оқытушылары ежелгі дәстүрлерді еске түсіре отырып, ұлттық өнерді дамытуға және өздерінің қазіргі шығармашылықтарынан үлес қосуға мүмкіндік алды.
Қыш тақташамен жұмыс сабақтары да тартымды болды.Жұмыстар ұсақ жарылған бөлшектерден жасалынды. Қатысушылар қазақ нақышты өрнекті бөлшектеп ынтамен жасап, барлық оқытушылар бұйым жасау үрдісіне белсенді қатысты. Әрқайсысы өзінің дербес жұмысын жасады. Жасалған бұйымдар әсерлі әрі жарқын, ұлттық нақыштағы дәстүрлі элементері сақталған жұмыстар болып шықты.
Сонымен қатар, шеберлік сабақтан басқа мектебіміздің жетекші оқытушыларының бірі С.Е.Рейн сәндік-қолданбалы өнер бойынша ашық сабағын өткізді. Оқушылар мен оқытушылар жұмарланған және боялған қағаздан жасалынатын фактуралық аппдикация техникасымен танысты. Светлана Евгеньевна өзінің бірегей оқыту әдістемесімен әріптестерімен бөлісті. Оқушылар мен оқытушылар үшін сабақ өте қызықты әрі мазмұнды болып өтті. Сабақ соңында барлығы дайын жұмыстың нәтижесіне қуанды.
Шеберлік сабақтардың барлық қатысушылары риза және шығармашылық ойларға толы болып, жақсы пікірлер көп қалтырды.
Мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары И.В.Масленникова
Дәстүрлерді сақтай отырып...