Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Мәскеудегі Надя Рушева атындағы балалар шығармашылығының байқауы
27-11-2017 19:11
Мәскеудегі Надя Рушева атындағы балалар шығармашылығының байқауы

             2017 жылдың 22 қарашасында Мәскеу қаласында Ресейлік Өнер Академиясында Ресейдің 59 аумақтарымен қатар Греция, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Қазақстан, Белоруссия, Украина сияқты мемлекеттер қатысқан Ашық Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті
             Оның тарихы 2009 жылдан бастау алады. Жылдар бойы Академия президенті Зураб Константинович Церетели Байқаудың құрметті қазылар алқасының төрағасы болып келеді. Марапаттау рәсіміне РФ еңбегі сіңген қайраткері, театр суретшісі және продюсер, «Золотая маска», «Хрустальная Турандот», «Браво» сияқты Ресейлік ұлттық сыйлықтарының лауреаты - Павел Михайлович Каплевич.
Бұл байқауға №1 Балалар көркемсурет мектебінің 36 оқушысы қатысты. Балалар 2017 жылдың шығармашылық тақырыптарына байланысты суреттер салды: «Ресейдің «Алтын алқасының» 170-жылдығы», «Аннаның өнердегі бейнесі», «Елімнің мәдениеті мен дәстүрлері», «Менің елімнің экологиясы». Илларионова Л.Б. жетекшілігінде жұмыс жасаған 9 жасар Кравчук Ярослава «Орыс балетінің ғажабы» (Аннаның өнердегі бейнесі) суреті үшін Павел Каплевичтің сыйлығымен және дипломмен марапатталды. Сонымен қатар келесі оқушылар да байқау жеңімпаздары атанып, байқау каталогтарын алды: Кокорина Виктория, 14 жас, «Нәзік әрі қағылез ханшайым» (Аннаның өнердегі бейнесі), жет. Н.В.Решетова; Адгезалова Элина, 10 жас, «Барысты сақтаңдар!» (Менің елімнің экологиясы), жет. Н.И.Шахова; Арсений Эвелина, 11 жас, «Разрезание пут» (Елімнің мәдениеті мен дәстүрлері), жет. Т.Е. Ровенная; Бергенева Аружан, 15 жас, «Ресейдің «Алтын алқасы» тарихына саяхат» (Ресейдің «Алтын алқасының» 170-жылдығы), жет. С.Е.Рейн; Ромакер Полина, 10 жас, «Аққу көлі» (Аннаның өнердегі бейнесі), жет. Л.Б.Илларионова; Гоман Алина, 6 жас, «Екі достың кездесуі» (Елімнің мәдениеті мен дәстүрлері), жет. Л.Б.Илларионова.
Зураба Церетелидің өнер Галереясына экскурсия бағдарламаның жағымды әрі танымдық сәті болды. Экскурсия кезінде қатысушылар Ресейлік Өнер Академиясының Президенті, танымал шебер, қазіргі заманның әйгілі суретшісі Зураба Константинович Церетелидің шығармашылығымен жақынырақ танысты.