2017 жылдың 21 қарашасында Словениядағы Целье қ. өткен "Запах краски" атты XXI Халықаралық балалар бейнелеу өнері шығармашылығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп кетті.
Әлемдік мәдени мұраны сақтау- өткен байқаудың мақсаты. Ал байқаудың тақырыбы «Халқымның этнографиялық киім-кешегі мен фольклорлық биі". Әр жас санаты топтарындағы таңдаулы 50 жұмыс грамотамен, үздік 3 авторлар да арнайы грамоталармен марапатталды. Оқытушыларға жастарды шығармашылық мәдениет жағынан тәрбиелеуге үлес қосқаны үшін алғыс білдірілді.
№1 Балалар көркемсурет мектебінен қатысқан 26 оқушылардың ішінен 10 жасар Щербакова Арина, жет. Кузнецова Л.А., "Көктем келді" суреті үшін; 8 жасар Масакбаева Амина, жет. Масленникова И.В., "Алғашқы бәйшешек" суреті үшін; 7 жасар Ибрагимова Зарина, жет. Масленникова И.В., "Қарлығаштың шарықтауы" суреті үшін жеңімпаз атанды.
Словениядан келген дипломдар