Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Болгариядан келген дипломдар
04-12-2017 20:01
Болгариядан келген дипломдар

Павлодар қаласы№1 Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының "Бүлдіршіндер елі" өнер студиясының ең кішкентай суретшілері Болгариядағы "Малый Зограф" халықаралық балалар шығармашылығы байқауының дипломанттары атанды: "Әрқашан күн болсын!" суретінің авторы 4 жасар Саменова Айлана, жет. Илларионова Л.Б., "Мысығыммен серуен" суретінің авторы 5 жасар Финк Ян, жет. Илларионова Л.Б., "Кілем тігеміз" суретінің авторы 6 жасар Фисенко Злата, жет. Илларионова Л.Б., "Алтын күз" суретінің авторы 9 жасар Нургазыкызы Шакира, жет. Масленникова И.В., "Күнге ұшу" - 5 жасар Ибрагимова Зарина, жет. Масленникова И.В., "Ойнайық" - 6 жасар Колоскова Алиса, жет. Илларионова Л.Б., "Түнгі қала" - 5 жасар Бауржан Алихан, жет. Рымбаева Г.К.

Бұл байқауға мектеп оқушылары бірнеше жыл қатарынан қатысады, жақсы нәтиже көрсетеді. Олардың сандықшасында алтын да, күміс те, қола медаль  да, дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары да бар. Биылғы жылы №1 Балалар көркемсурет мектебінің 47 оқушылары  байқауға 50 мемлекет арасында Қазақстанның  атынан қатысты.