Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
"Ең үздік пастель" номинациясының жеңімпазы
12-12-2017 09:11

2017 жылдың 8 желтоқсанында, сағат 11:00-де Елбасының кітапханасында "Туған жерім" атты XIІI Республикалық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және көрмесінің ресми ашылуы өтті. Бұл - Қазақстан Республикасының астанасының Астана қаласына ауысуы
№1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы 10 жасар Мусина Дана Лариса Борисовна Илларионова оқытушысының жетекшілігінде "Қазақстан даласы" суреті үшін бұл байқауда 2 дәрежелі жеңімпаз атанды. 
"Туған жерім" Республикалық балалар шығармашылығының байқауы жыл сайын Тәуелсіздік күніне орай Астана қ. Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы және Елбасы Кітапханасының "Балалық шаққа оралу" атты балалар бағдарламасының шеңберінде өтеді. Бұл бағдарламаның аясында Елбасы Кітапханасы Қазақстанның әр түпкірінің және жақын шетел мемлекеттерінің дарынды балаларының шығармашылығын көрсететін тұрақты алаң ұйымдастырып отыр.
Байқауға еліміздің әр ауданынан 400 жуық жұмыс жіберілді. Байқауға көркемсурет мектептерінде, өнер мектептерінде, Оқушылар сарайның өнер студияларында және көркемсурет үйірмелерінде оқитын 10 және 16 жас аралығындағы оқушылар қатысты.
Жыл сайын байқауға жіберілетін жұмыстар заманауи балалар шығармашылығының әр алуандылығын, оқытушылар мен жетекшілерінің кәсіби шеберліктерінің деңгейін көрсетеді. Әр жылы байқау шарттары бойынша жұмысты орындау теникаларын ұйымдастырушы комитеті өзгертеді. Биыл барлық қатысушылар "Ең үздік пастель" техникасында "Туған жер" тақырыбында жұмыстарын жіберді.