«Туған жер» атты мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған №1 Балалар көркем сурет мектебінде 2017 жылдын 11-ші желтоқсанында павлодарлық суретші Виктор Федорович Поликарповтың шығармашылық жұмыстарының мерейтойлық көрмесінің ашылуы болды. Ол өзінің көрме жұмыстарын ақын Павел Васильевтің поэзиясымен байланыстырды.
Виктор Поликарпов 80-ші жылдары өзінің шығармашылығына үлкен серпін берген Павел Васильевтің таңғажайып поэзия әлемін танып ашты. «Павел Васильевтің поэзиясына» атты В.Поликарповтың графикалық сериясы ерекше рухани күйге ие болады. Бұл жай ғана суреттеме емес, ол - кең ғарыш пен байтақ даланың автордың жарқын сезімдерінің толысуымен үйлесімді әлеміне ену. Ақын мен суретшіні ортақтататын - жұмыстарындағы халықтың дәстүрлерінің бейнеленуі.
Ол әрбір жұмысында туған жерінің кең даласын бейнелейді. «Әрбір шөптің талы қағаз бетіне түсуге сұранатындай болады. Олар соншалықты әдемі»,- деп, оқушылардың "Өсімдіктерді не үшін көп саласыз? деген сұраққа жауабын қайтарды. Балаларға суретшімен кездесуі өте ұнады. Оқушылар қылқаламның шеберімен оңай сөйлесіп, сұрақ қойды, оған қоса суретші сыйлық ретінде өзінің офорталарының көшірмелерін берді.
Әсіресе, оқушылар суретшінің Отырар қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысып, Қазақстанның тарихына деген сүйіспеншілігінің оянуы және академик Акишевпен танысуы туралы әнгімесі қатты ұнады.
Виктор Поликарповтың жұмыстары Қазақстан мен Ресейдің көптеген көрмелерінде қойылды, яғни Алматыда (Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы, 2001 ж.), Павлодарда (Облыстық көркемсурет мұражайы, 1998 ж., 2003 ж.), Өскеменде (Өнер мұражайы, 1999 ж.), Президенттің мәдениет орталығында, 2005 ж.), Тверь облыстық сурет галереясында (2005 ж.), Павлодар алюминий зауыты мұражайында (2011 ж.) жеке көрмелері өткізілді. Соынмен қатар, суретшінің жұмыстары Қазақстанның мұражайларында, М.Плисецкаяның жеке топтамасында, Германия, Франция, Австрия, АҚШ, Ресей, Австралия, Жапония сияқты мемлекеттердің жеке меншік жинақтарында сақталып отыр.
Виктор Федорович Поликарпов 1938 жылы 15 қарашада Павлодар қаласында дүниеге келген. П.И. Чайковский атындағы Павлодар музыкалық училищесін, содан кейін 1971 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Графикалық суретші. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі. Павлодарда тұрып, қызмет етеді. 1970 және 1980 жылдар аралығында В.Поликарпов көркемсуреттік жобалаумен айналысты, сәндік-қолданбалы өнермен көп айналысты. Ағашқа өрнек салумен, безелеумен, макрамемен шұғылданды. Алайда оның негізгі бағыты – станокты кескіндеме. Суретшінің кескіндемелік жұмыстары шеберлігімен, философиялық тереңдігімен, композициялық шешімдерінің күрделілігімен, әсемділігімен ерекшеленеді.