Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында №1 БКСМ жас суретшілері Польшада жеңімпаз атанды
15-12-2017 11:54
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында №1 БКСМ жас суретшілері Польшада жеңімпаз атанды

№1 БКСМ оқушылары Польшаның Торунь қаласында өткен «Все голубо, все зелено» ХІХ халықаралық балалар мен жастар арасындағы бейнелеу өнері бойынша байқауына қатысты. Жалпы, байқауға 49 мемлекеттен 4 пен 20 жас аралығындағы 14 371 жас суретшілер қатысты. Ал Қазақстаннан 14 оқу мекемелерінен 210 оқушы қатысқан, олардың 52-сі Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының тәрбиеленушілері.

Қазақстандықтардың арасынан тек біздің мектеп оқушылары басты жүлделерге ие болды. Алтын медалін 5 жасар Абдиров Дамир, «Пандалар», күміс медалін 8 жасар Киселева Ирина, «Қарбызды көңіл-күй» (жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова) иеленді. Бұлардың жұмыстары «кескіндеме» және аралас техникаларында орындалған.

9 ерекше қайталанбас жұмыстар соңғы көрмеге қатысып, авторлары дипломдармен және байқау жұмыстарының каталогтарымен марапатталды. Олар: «Бәйге – ұлттық ойын» - 8 жасар Бейсембаева Анель, жетекшісі Ляйля Мұқарамқызы Мағзамова; «Батырдың аты» - 4 жасар Кравчук Василиса, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова; «Гүлдер алаңы» - 4 жасар Нурлан Адия, жетекшісі Гүлнар Мерғалымқызы Мұхаметқалина; «Қыс қалаға келді» -6 жасар Таукенов Арсен; «Шетен жидегінен дәм тату» - 7 жасар Попова Валентина, «Бірінші серуен» - 7 жасар Костюк Виктория, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова; «Квартет» - 9 жасар Харламова Ева, «Предвкушение удовольствия» - 9 жасар Седлецкая Анастасия, жетекшісі Наталья Ивановна Шахова; «Қысқы серуен» - 5 жасар Кайыргельды Айзере, жетекшісі Анастасия Игоревна Пашина.

Биылғы жеңімпаздардың жұмыстары қазылар алқасын күнделікті өмірдің балалар көзқарасымен бейнеленгендігімен, ұсақ-түйектердің нақтылығымен таңқалдырды. Біздің оқушыларымыздың өз ойларын нақты әрі дәстүрлі емес түрде бейнелей алатындары, сонымен қатар олардың халықаралық деңгейде бағаланатындылығы өте қуантады.