Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Акварельдік кескіндеме байқауы
07-04-2018 22:52
Акварельдік кескіндеме байқауы

        Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебі Павлодар облысының 80-жылдығына орай көркемсурет және жалпы білім беру мектептері, өнер студиялары, өнер мектептері оқушылары арасындағы облыстық акварельдік кескіндеме бойынша байқауын өткізді. Байқау тақырыбы «Бұдан артық жер табылмас...». Өз жұмыстарында балалар Павлодар облысы қалалары мен ауылдарының көрікті жерлерін, яғни көшелерін, үйлерін, парктерін, тарихи ескерткіштерін, жағалауларарын; Павлодар облысының әсем көріністерін бейнеледі. Байқау мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, академиялық акварельдік кескіндемедегі кәсіби шеберлігінің деңгейін анықтау; отансүйгіштік, туған жеріне деген махаббат сезімін тәрбилеу, тарихқа деген танымдық және зерттеушілік қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, балаларды туып-өскен жерін құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Байқауға 15 оқу орындарынан 80 бала қатысты (9 жалпы білім беру мектептері, Екібастұз қ. Балалар көркемсурет мектебі, Павлодар қ. №1 Балалар көркемсурет мектебі, Павлодар қ. №2 Балалар көркемсурет мектебі, Ақсу қ. Балалар өнер мектебі, Ақтоғай өнер мектебі, №2 Балалар музыка мектебі.
Павлодарлық суретші-акварелист Сисенғали Тленбаевтың жетекшілігінде қазылар алқасы 6 жүлдегер анықтады: I дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықтармен Адгезалова Эллина, №1 БКСМ (жетекшісі - Даирова Гульнар Ержанқызы) және Можгина Екатерина, №31 ЖОББМ, (жетекшісі - Давыдова Валентина Васильевна); Горбунова Алина, Екібастұз қ. БКСМ, (жетекшісі - Куликовская Алина Михайловна) және Артес Зарина (жетекшісі - Бейсеева Асеь Бекжигитовна) ІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен; ІІІ дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтармен Мельничук Юлия, Павлодар қ. №2 БКСМ (жетекшісі - Бамбуляк Анжела Николаевна) және Кузнецова София, (жетекшісі - Жангужинова Гульнар Какеновна) марапатталды. Ынталандыру сыйлықтарымен және дипломдармен 12 қатысушы марапатталды: Блок Юлия, Величкина София, Студеникина Анастасия, Салыкова Айсулу, Леоненко Степан, Суняйкина Ксения, Соболева Азиза, Осинина Анастасия, Ахмолдина Ксения, Судомойкина Полина, Юрова Евгения, Чинова Марина.