Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Балалар көркемсурет мектебіндегі Наурыз.
28-03-2019 10:49
Балалар көркемсурет мектебіндегі Наурыз.

       Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде Наурызға арналған мерекелік іс шаралар өткізу жақсы дәстүрге айналды. Ұлттық киімдегі жүргізушілер тәңертеңгілікті қызықты және салтанатты түрде ашты.

       Балалар ежелгі ұлы, жаңа жыл мен көктем мерекесі дәстүрлеріне үңілді. Мысалы, қазақ елі жаңа өмірдің туылуына аса мән берген. Бала туылған сәтте шілдехана тойы ұйымдастырылып, «ат қою» - балағв ат қою салт-жорасы өткізіледі. Әрбір өскен шөп, жапырақ бақыттың жаңаруы мен жердегі өмірдің негізі болып табылады. Сондықтан да нағыз қазақ өніп келе жатқан шөпке қианат жасамай, ағаш бүршігін үзбей, тірі бұтақты сындырмайды.

       Мектебіміздің дарынды оқушылары қатысушыларға музыкалық базарлық сыйлады. Томирис Бәкібаева мен Даяна Малғаждарова «Тебеқкөк» және «Шыныаяқ»  күйін орындады, ал Адина Ағанасова мен Әлия Біржанова қазақ биін тарту ктті. Вделия Исінбаева «Күннің күлуі» әнін паш етті. Сондай-ақ Әдия Коюм Абай Құнанбаев тақпағын оқып берді.

        Балаларымыз  «Тенге алу» және «Жалу тартыс» сияқты қазақ ұлттық ойындарын шапшаң және екпінді ойнады.

        Құттықтау және тілек сөзімен мектеп директоры Ляйлә Мұқарамқызы Мағзамова мен Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, ұстаз Ольга Ивановна Ловина шықты.

        Тәңертеңгілік аяқталғаннан кейін барлығын, оқушыларымыз ата-аналарымен бірге ұйымдастырған мерекелік дастархан күтіп тұрды. Шәйдің мәзірі: жаңа піскен алқызыл бауырсақ пен шелпек, чак-чак, талқан және тағы басқа тәтті дәмділер еді.

        Көрме залының қабырғасы "Наурыз" атты көрме жұмыстарымен безендірілді, сонымен қатар оқушылар мен мектеп ұстаздарының өз қолдарымен орындаған көрікті киіз үй макеты орын алды. 

         Барлықтарыңызды керемет Наурыз мерекесімен құтықтай отырып, отбасыларынңызға бақыт, береке бірлік тілейміз.