Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Балалар суреттеріндегі қоршаған әлем.
04-03-2020 15:04
Балалар суреттеріндегі қоршаған әлем.

Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде Павлодар қаласының 300 жылдығына арналған "Мен әлемді бейнелеймін" атты қалалық конкурсының қорытындысы шығарылды. Көрмеге 4-6 жас аралығындағы қала балабақшаларының тәрбиеленушілері қатысты. Байқау тақырыбы: "Қысқы ертегі", "Қала". Байқаудың мақсаты: қоршаған ортаға, табиғатқа, бүкіл тірі табиғатқа деген махаббат пен ұқыпты қарым-қатынасты тәрбиелеу, байқағыштықты дамыту және әдемі көріністі көре білуге дағдыландыру, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Байқауға 27 балабақшадан 183 қатысушы қатысты. Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Суретшілер Одағының және Қазақстан Көркемөнер Академиясының мүшелері болды.

Жұмыстар гуашь, фломастер, пастель және түрлі - түсті қарындаштармен орындалған. Әр суретте баланың тақырыпты ашу мақсаитында  қысқы пейзаждарды, ертегілер тарихын, қала түрлерін, қоршаған ортаның әр түрлі ғажайып сюжеттерін өте қызықты шешімдер арқылы көрсетуге тырысқанын байқауға болады. Суреттерде адамдар мен жануарлардың фигуралары, өз көрінісіндегі сюжеттер көрсетілген.

Байқау қорытындысы бойынша №18 балабақшаның балалары жүлделі орындарға ие болды. I орынды"Туған күніңмен, Павлодар" атты суреті үшін 5 жастағы МихаилБутоменко (№116 б/б), ал "Менің әлемім" суреті үшін II орын 4 жастағы ТихонРыкунов (№104 б/б), III орын "Қысқы сарын" атты суреті үшін 5 жастағы АйлинИсабекова(№18 б/б) иеленді.

Ерекше жұмыстары үшін дипломдар мен жүлделерге №126 балабақшаның тәрбиеленушісі 6 жастағы Ульяна Сикач, 5 жастағы РашидаРашит (№82), 5 жастағыБела Кожушкина (№85), 6 жастағы София Одарчук (№ 96), 4 жастағы Анастасия Берендеева (№51), 4 жастағы Інжу Досымжан (№ 111), 5 жастағы Алтынай Акрам (№17), Дарья Ромашкина, Айзере Мусина, 5 жас (№ 8), 6 жастағы Тимофей Грюкачев (№14), 5 жастағы АйшаСайлаубек(№ 39) ие болды.