Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
8 Наурыз мерекесіне арналған "Менің анам-ең жақсы" атты қалалық балалар суреттерінің көрмесі туралы
04-03-2020 15:20
8 Наурыз мерекесіне арналған

2020 жылдың 3 наурыз күні сағат 16.30-да облыстық көркемсурет мұражайында (Торайғыров к - сі, 44/1) Павлодар қаласының 4-6 жастағы балабақша тәрбиеленушілерінің "Менің анам-ең жақсы" атты жұмыстарының көрмесі өтеді.

Мақсаты-қоршаған ортаға, табиғатқа, барлық тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілік пен сыйластық қарым-қатынасты тәрбиелеу, әдемілікті көре білу мен қатар байқағыштықты дамыту, өзінің шағын отанына, өз қаласына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Көрермендер назарына аналар портреттерінен жасалған 50 жұмыс-экспозициялар ұсынылады. Қаланың ең жас суретшілерінің суреттері олар үшін ең жақсы адам, өз анасын суреттейді. Әрбір жұмыс ерекше, үлкен ықылас пенсүйіспеншілікпен жасалған. Кез-келген суретбалалардың шынайылығы мен эергетикасына толы. Суреттер фломастерлермен, гуашьпен, акварельмен және түрлі-түсті қарындашпен жасалған.

Аналар, әжелер, көп балалы аналар шақырылды.