Менің Конституциям-менің мақтанышым!
![Менің Конституциям-менің мақтанышым!](/media/img/blogs/612e0dfdf0af7.jpg)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында балабақшада аға және мектепалды топтарда ертеңгіліктер өтті. Ертеңгілікте балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін бекітіп, патриоттық мазмұндағы өлеңдер мен әндер орындады. Мереке салтанатты және көңілді өтті. Сондай-ақ, "Әлем балалар көзімен"атты суреттер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты-патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Конституциясына құрметпен қарауды қалыптастыру.