Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
22-00-97
email: upk2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Лермонтов көш. 50
Қабылдау бөлемі 20-20-80, ДОттЖО 22-00-97, Есеп бөлемі 22-00-45, Басшы 22-02-55,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15-тен - 17-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жарнамалық науқанды ұйымдастыру және өткізу
05-04-2022 11:21
Жарнамалық науқанды ұйымдастыру және өткізу

"Маркетинг бойынша менеджер" бейінінде біз жарнамалық науқанды ұйымдастыру және өткізу тақырыбын зерттедік. Дүкендерде  жарқын түсті киімдегі адамдар ірімшіктің, шұжықтың, шырынның жаңа түрін дәмін татуды ұсынғанына барлығымыз дерлік куә болып жүрміз. Үш затты сатып алыңыз және төртіншісін сыйлыққа алыңыз, қақпақтың астына қарап, керемет сыйлық ұтып алыңыз, кез-келген нәрсемен бірге бір затты сатып алыңыз-барлық осындай іс – шаралар жарнамалық науқан деп аталады. Сабақта оқушылар жарнамалық науқанның әр  түрлерімен танысты. Бұл іс-шараларды не үшін өткізу керек? Сату көлемін арттырумен қатар, қандай іс-шаралар көптеген мәселелерді шеше алады? Қандай жарнамалық науқан жаңа клиенттерді табуға және бұрынғы клиенттермен сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, оларды қалай ынталандыруға болады? Жарнамалық науқан арқылы компаниядағы тауар айналымын қалай арттыруға болады? Осы сұрақтарды  зерделеу барысында оқушылар тақырыпты бекітіп, жарнамалық науқанды ұйымдастырып, өткізудің өз  жоспарларын жасады.