Алматыдан пошта қызметі жеткізген естелік «алтын» медальдар мен дипломдар ОӨК-да «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқып жатқан № 17 ЖББОМ-нің 11а сынып командасына, бірінші Республикалық «Business Start» байқауының жеңімпаздарына: Вероника Гукенгеймерге (команда капитаны және бизнес-идеяның авторы), Ильяс Бисимбаевқа, Руслан Имамовқа және Элис Плахотнюкқа берілді.
ҚР БҒМ қолдауымен «Көкжиек-Горизонт» баспасы ұйымдастырған байқау екі кезеңнен тұрды. Наурыз айында бірінші, аймақтық кезеңнің қорытындысы бойынша балалар финалға шықты. Олардың «Сlafu» экологиялық бағыттағы тауарлар дүкені» жұмысы республика бойынша 50-ден астам жобадан іріктеліп алынды.
2022 жылғы 11 сәуірде онлайн режимінде ЗУМ платформасында екінші, республикалық кезең өтті, оған Қазақстанның 10 өңірінен 10 финалист қатысты. Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінің оқу бағдарламасының авторы Айгүл Сапарғалиқызы Ахметованың төрағалық етуімен танымал қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру қорғау процесінде өте құрметті және толқулы болды.
Балалар жасаған «Clafu» - «Сleanliness after you» («Сенен кейінгі тазалық») жобасының атауы болашақта брендке айналады деп, ал байқау төрешілерінің жоғары бағасы мен жеті бұрышты алтын медаль біздің жеңімпаздарымыз үшін олардың болашақ жеке және кәсіби тағдырында сәттілік пен бақыттың белгісі болатынынаүміттенеміз!