Телефон доверия
22-00-97
email: upk2@goo.edu.kz
Адрес: Лермонтов көш. 50
Қабылдау бөлемі 20-20-80, ДОттЖО 22-00-97, Есеп бөлемі 22-00-45, Басшы 22-02-55,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15-тен - 17-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ
04-10-2024 11:28
БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ

Збасарова Сабина
- "9,10 сыныптарда мен "Павлодар қаласының оқу - өндірістік комбинатында" «Кіші медбике-массажшы» курсының бағдарламасы бойынша оқыдым, оны мұғалім және психолог Куралай Ботбаевна Сейтканова жүргізді.
Оқу барысында мен теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды игердім, робот-муляждардың көмегімен, науқастарға дұрыс күтім жасау, түрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, реанимациялық шараларды меңгердім. Стимуляторларда инъекция жасауды үйрендім.
Психология бойынша ғылыми жобалардың қалалық байқауына қатысу мен үшін қызықты тәжірибе болды.
Мен "Адамның бет-бейнесі қабылдау мен бағалау объектісі ретінде" атты жұмысымды жалпықалалық байқауда таныстырып қорғадым. Жоба бойынша жұмысым үшін 2 орынға ие болдым. Курс соңында біздің оқушылар тобы курс бағдарламасы бойынша емтихан тапсырды. Мен емтиханды "5"-ке тапсырып, сертификат алдым.
Мен өзімнің кәсіби таңдауымды жасадым және бұл оқу курсы маған көмектесті. Биыл мен Алматы қаласының "Талант-к" медициналық колледжіне түстім."