2-ОӨК 6 желтоқсан күні медиация және құқық мәдениет күні шеңберінде «Мектеп – жанжалсыз мекен» атты тақырыпта ақпараттық әңгімелер өткізілді. Берілген іс-шаралар оқушылардың құқық мәдениетінің қалыптасуына әсерін тигізетін медиация ролінің талқылануына бағытталған. Мектеп медиациясы мәселелерді татуластықпен шешеге және жақсы қарым қатынасты сақталауға арналған. Әлемдік тәжірибеде бұл тәсіл шешімдерді сотсыз қабылдайтын тәсілдердің ең ыңғайлы түрі.
Балалар қиын жағдайдан өздері шығу үшін оларға сол мәселені шешуге өз мүмкіншіліктерін қоса отырып пікірлерімен санасатындай жағдай жасау керек. Мектептегі және қоғамдағы жанжал әрқашан болады,бұл әлем дамуының бір шарты. Алайда жанжал мәселелерді татуластық жолмен шешу қажет.
Әңгіме барысында оқушылар көптеген мәселелерді ескере отырып медиация арқылы баланың да ересек адамның да пікірі тыңдалатына көз жеткізді, және де мәселені, жанжал жағдайды шешуге қажетті өз ойларын қосуға болатынын анықтады.
Сонымен медиация келіссөздер процессі ретінде бірнеше манызды әлеуметтік міндеттерді шешеді.
МЕДИАЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ МӘДЕНИЕТ КҮНІ