«Білім беру және гуманитарлық ғылымдар» саласының мамандықтар айлығы шеңберінде 2-ОӨК-нің оқушыларына «Кітапханада бір күн» атты іс-шарасы өткізілді. Оқушылар С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасына барды.
Акция мақсаты оқушыларды кітаптарды оқуға тарту және кітапхананың жұмыс бағыты мен мамандықтарымен таныстыру.
Іс-шара бағдарламасында: кітапханаға экскурсия, библиотекалық сабақ, ПМУ-нің «Агротехнология» кафедрасының профессоры У.Х. Альмишевпен кездесу. Оқушылар назарына көрме мен әдебиеттің библиографиялық шолуы ұсынылды.
Балалар абонемент қызметімен, өте әдемі және ыңғайлы оқырман залымен танысып, электрондық каталогпен жұмыс жасау тәсіліне үйреніп, тифлокомплекс – Брайльдің портативті тактильді дисплейі туралы мағлумат алды. Бұл аппарат «Жанашыр» орталығының нашар көретін және нашар еститін адамдарға арналған үлкен мүмкіндік болып келеді.
Кітапханаға шыққан экскурсия өте қызықты әрі ақпаратқа мол болып оқушыларға жақсы әсерін тигізді, себебі кейбір оқушылар бұр жерге алғашқы келіп әрі осы кітапхананың тұрақты оқырманы болады деп сенеміз.