№2 ОӨК «Автоіс» профилінің апталығы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты:оқушыларға күнделікті өмірде жол қозғалысы ережелерінің мәні туралы, сондай-ақ қазіргі әлемдегі жүргізуші мамандығының рөлі туралы ақпарат беру.
«Автоіс» профилінің оқушылары сабақ кестесі бойынша әртүрлі топтар мен профильдерде ойындар мен викториналарды өткізді. Іс-шараны өткізуде белсенді болып Смағулов Қ.О. мұғалімі және №1 профиль кабинетінің оқушылары қатысты.
Оқушыларға ақпаратты өздерінің құрдастарынан қабылдау оңайырақ. Апталық барысында келесі қызықты ойындар мен викториналар өткізілді: викторина «Автокөлік құрастыру тарихы»; ойындар «Жүргізуші», «Автокөлік маркасын анықта», «Автокөліктердің маркалы сандары», «Қиылыстардан өту».Ерекше қатысқан оқушыларға сыйлықтар берілді.
Апталықтың нәтижелерін қорытындылай келе, оқушылар жол қозғалысының ережелері туралы толық ақпарат және білім алды деп айтуға болады.