«Менің көңілді шырылдақ добым!»
Күзгі демалыс кезінде 9 қарашада «Доп күні» спорттық шарасы өткізілді. Дайындық тобының балалары «Сиқырлы доптардың әлеміне» аттанды. Сол әлемге Салқыншақ есімді жамандық тап болды, алайда балалар Көңілшақ ханшайымға барынша көмектесіп, сиқырлы доптарды қайтаруға қол ұшын берді. (волейбол, футбол, баскетбол доптары).Салқыншақ «Аңғардан өт», «Тордан лақтыр» «Жабық көздеріңмен алып таста», «Сақинаға кіргіз» атты кедергілерді ойлап тауып және әр түрлі спорт түрлері бейнеленген суреттерді бөліктермен жинауға тура келді. Біздің балалар достық, денсаулық, шат көңіл және бір - біріне көмектесу арқылы барлық кедергілерден өтті. Осындай спорттық шараны ұйымдастырғаны үшін Галина Ивановна Пфундқа алғысымызды білдіреміз.