«Мына жерге кірмегенің жөн» дейді, «Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді, «Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма, Сонда саған ешбір қауіп төнбейді». Белгілердің мәнін білу — мықты күш, Келесісі — шеті қызыл үш бұрыш. Бұл белгілер ескертеді, біліп ал, Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.