Жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндері бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндері бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Оған 2019-2020 оқу жылындағы IX жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Павлодар қаласынан үш оқушы бағын сынады - Колодин Максим, № 34 ЖОМ (бағдарламалау), Абдуллин Шон, № 38 ЖОМ (химия), Кузнецова Анастасия, № 29 ЖОМ (география).
Облыстық кезеңде жоғары рейтинг көрсеткен екі оқушы - Колодин Максим (34 ЖОМ) және Кузнецова Анастасия (29 ЖОМ) 2020 жылғы 28 қазанда өтетін республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысу құқығына ие болды.