Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Зерде» шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстары
04-11-2020 15:20
«Зерде» шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстары

      «Зерде» шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстары қалалық қашықтық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық іріктеу турына өтті.

Конкурс мақсаты- бастауыш және орта мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту және зерттеу жұмыстарының дағдыларын жетілдіру,зияткерлік-шығармашылық мүмкіншілігін дамыту.

Оқушылардың жобаларын жоғарғы оқу орындарының оқытушылары бағалады, әрбір жұмысқа сараптама қорытындысын жазды.32 мектептен ( № 1 (2), 2 (2), 4, 6, 7 (2), 9, 11, 12 (2), 14, 16 (3), 17 (2), 18, 19, 21 (2), 23, 24 (2), 25 (4), 26 (2), 29 (5), 32 (3), 33 (5), 34, 35 (3), 36 (2), 37 (2), 38, 39 (6), 41 (2), 42 (2), 43 ЖОМ, ЖЖОМ (3), КЖОМ) қалалық кезеңнің 119 жүлдегерінің  68 жұмысы облыстық турға жіберілді.  

Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID - 19 короновирустық  инфекцияны таратуға жол бермеуге байланысты шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының облыстық кезеңі қашықтық тәртіпте өткізу жоспарлануда. Облыстық  кезең  9  -14 қараша аралығында өткізіледі.

Жүлдегерлерге сәттілік тілейміз!