Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуден бақтарын сынады
05-11-2020 16:54
Қала оқушылары Абай шығармаларын білуден бақтарын сынады

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2020 жылы 4 қарашада ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңін өткізді. Абай оқуларының негізгі мақсаты –қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

"Абай оқулары" облыстық конкурсын өткізу кезінде орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің өзге ұлт оқушылары қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушыларынан бөлек бағаланды. Қатысушылар ақын шығармаларымен таныс екендігін, оқып-білетіндерін байқауда көрсете білді.

Қаланың 36 жалпы білім беретін мектептерінің ішінен байқауға 147 оқушы қатысты, оның ішінде 38 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. 

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында Абай мен Шәкәрім шығармалары бойынша мәнерлеп оқу сайысында 11 қатысушы жеңімпаз атанды. І орынды Кенжкөл  ЖОМ 8 сынып оқушысы  Амандықұлы Ернұр және № 33 ЖНОМ 8 сынып оқушысы Юдина Алина иеленді. Олар Абайдың 60 туындысын жатқа айтты. ІІ орынды  № 12 ЖОМ Бейсенбай Камила, № 13 ЖОМ Зиберт Елизавета, № 31 ЖОМ Маменова Ксения, № 37 ЖНОМ Дельдешбаева Даяна иеленді. ІІІ орынды № 2 ЖОМ Дюсембай Аида, № 5 ЖОМ Ефремов Глеб, № 18 ЖОМ Агелиева Найля, № 22 Ильясова Дильназ, № 29 ЖОМ Сансызбай Жадыра иеленді.

«Абайдың қара сөздері» бағытында Абайдың қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу сайысында5 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды № 19  ЖОМ 10 сынып оқушысы Есанова Айсана иеленді. ІІ орынды Б.Момышұлы ат. ЖОМ Талгатова Махаббат және №37 ЖОМЕлемесова Дильназ оқушысы иелендеі. ІІІ орынды № 20 лицей мектебі Гомар Амина және № 38 ЖНОМ оқушысы Хуаныш Мұнара иеленді.

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу сайысында 4 қатысушы жүлделі орындарға ие болды.  І дәрежелі дипломды №38 ЖОМ 6 сынып оқушысы Дауыржан Ердамыс, № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Карташова Александра иеленді. Ердамыс жасына қарамастан  ол жоғары сынып оқушыларына бәсекелестік жасай алды. ІІ орынды № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қайыргелді Назерке, № 38 ЖНОМ Федина Ангелина иеленді.

«Көңілім әнді ұғады» бағытында ән мен күй орындаушылар байқауында 7 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Шамет Алтынай, Б.Момышұлы ат. ЖОМ 10 сынып оқушысы Айдархан Баян, №9 ЖОМ 10 сынып оқушысы Сухоносова Алиса иеленді. Олар Шәкәрім Құдайбердиевтің «Анадан алғаш туғанымда..» әнін орындады. ІІ орынды № 17 ЖОМ Красиловец Эмилия, № 40 ЖОМ Толтомысқызы Зейнеп иеленді. ІІІ орынды № 31 ЖОМ Тогжигитова Дильназ, № 43 ЖОМ Солоденко Анастасия иеленді.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша  5 қатысушы жеңімпаз атанды. І орынды № 29 ЖОМ 7 сынып Ковтун София және № 37 ЖНОМ 10 сынып оқушысы Сурумбетова Камила иеленді. Камила бірнеше рет жүлдегер және қалалық және облыстық оқуларының жеңімпазы болып табылады. ІІ орынды № 38 ЖОМ оқушысы Солтанмурат Ділназ иеленді. ІІІ орынды № 20 лицей мектебінің оқушысыБайжанқызы Дамира, № 27 ЖОМ Эркулова Сабина иеленді.

«Ұлылар әлемі» бағытында эссе сайысында 6 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды № 12 ЖОМ 11 сынып оқушысы Камиева Сабина, № 29 ЖОМ 10 сынып Сансызбай Ақшолпан иеленді. ІІ орынды № 22 ЖОМ Алиева Арайлым иеленді. ІІІ орынды  № 2 Қасен Фатыма, № 24 ЖОМ Бородихина Дарья, № 43 ЖОМ Шеповалова Алина иеленді.

Қалалық турдың жеңімпаздары 2020 жылы қарашасында өтетін облыстық кезеңге қатысады.