Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің кіші Отаным
12-11-2020 14:53
 Менің кіші Отаным

Павлодар  қаласы білім беру бөлімі,«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2020 жылғы 9-12 қараша аралығында «Менің  кіші Отаным»  қалалық  қашықтық   конкурс  өткізілді. Мақсаты – төзімділік және азаматтық ұстаным деңгейін көтеру, оқушылар арасында волонтерлік қозғалысты насихаттау. Қаланың  жалпы білім беру мектептері № 9, 24, 27, 40, 18,  32, 34, 43, К. Макпалеев, Кенжекөл, Жетекші мектептері,  № 20 лицей-мектебі  8 11 сыныптың 65 оқушы құрамында 12 команда қатысты.

           Конкурс шарты бойынша қатысушылар  «Визитная карточка», «Кто, если не мы», «Туған елім - мекенім» бағыттары «Менің  кіші Отаным»  тақырыбы бойынша 3-минуттық бейнеролик ұсыну керек. Әділ қазы өкілдері  бейнеролик қарастыру кезінде тақырып мазмұнына сәйкестігін, шығармашылық жолдарын, мазмұнын, сюжет бірегейлігін ескерді.

Конкурс  қорытындысы бойынша I орынға 8 сынып оқушылар құрамы Баймұхаметова Дильназ, Бычков Дмитрий, Галев Даниял, Труха Анастасия, Тремболец Николай № 27 мектептің «Твори добро» командасы ие болды.  Олар «Визитной карточке» бағытында өздерінің әуенділігін, деректемелерін іскерлікпен пайдалана алатынын көрсете білді.   

II орынға 10 сынып оқушылар құрамы Искакова Алланура, Альмуханова Нүргали, Ныгметова Айзада, Дзюба Данил, Мусалимов Бекболат № 24 мектептің «Волонтёры - своей стране» командасы ие болды. Өздерінің «Кто, если не мы»  әлеуметтік бейнеролигінде  команда мектеп жанындағы ағаштарды күту,қолдан жасалған бұйымдар жасау үшін қақпақтар жинау, қала аумағын қоқыстан жинау, ардагерлер ауласын қардан тазалауға көмек көрсету бойынша волонтерлік қызметке өздерінің қатысуын көрсетті.

III  орынға 11 сынып оқушылар құрамы Әдепбай Диля, Амантаевой Дариги, Мукашевой Даяны,Арман Айдынгүл, Нұрболат Аймөлдір № 40 мектептің  «Эко Бум» командасы иеленді. Қатысушылар өздерінің  «Туған елім- мекенім» волонтерлік жобасында ауыл өмірін жақсарту бойынша волонтерлік топтың әлеуметтік белсенді қызметін бейнеледі. Олар  Павлодарск ауылының болашақ макетін құрды,ауылды экологиялық таза,  көгалдандырылған , туризмі дамыған ауыл ретінде көрсетті.

           Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері   «Павлодар Дарыны»  БУҚБДДО  дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификатын алды.