Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің баламның жетістіктері
12-11-2020 17:33
Менің баламның жетістіктері

Павлодар  қаласы білім беру бөлімі,«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» МҚКК  2-13 қараша аралығында дүниежүзілік балалар Күніне арналған «Менің  бақытты отбасым»  қалалық  қашықтық   конкурсы  өткізілді.Мақсаты  – отбасында баланың шығармашылық мүмкіншілігін ашу, жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуын тәрбиелеу.    Конкурсқа  қаланың 25 мектебінен (№ 1, 6, 7, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 28, 29, 30, 33, 34, 36, 37, 39, 43, К. Макпалеев, Б. Момышұлы, М. Әуезов, Кенжекөл ЖОМ)  121 оқушы   қатысты.

         Конкурс қорытындысы бойынша 63 қатысушы жүлделі орын алды, оның ішінде I орын  4 оқушы, ІІ орын 23 оқушы, ІІІ орын 36 оқушы.

I орынға № 1 мектептің 7 сынып оқушысы Оркенова Балнур, № 18 мектептің 2 сынып оқушысы Аюпов Равиль, № 39 мектептің 1 сынып оқушысы Трутов Роман, № 43 мектептің 3 сынып оқушысы Долговец Руслан ие болды.

Балнур   өзінің «Адамгершіліктің ордасы - отбасы» бейнеролигінде спорттағы жетістіктері мен  өзінің қызығушылықтары туралы айтты. Ол 10 жасында тхэквондобойынша әлем чемпионы,11жасында  -Европа чемпионыатанды. Равиль жан-жақты дамыған бала. Өзінің  «Менің отбасым - менің тірегім» бейнеролигінде ол өзінің тек оқудағы жетістіктері ғана емес,футболбойынша да жетістіктерін көрсетті. Романның бейнеролигі позитив және ықыласпен зарядталған. Оның отбасы саяхатпен шұғылданады, Романның өзі ат  спортымен шұғылданады. Руслан спорттық-балл биі бойынша облыстық чемпионат жүлдегері,жүзумен айналысады.  Қозғалыс және  спорт  оның отбасының  басты ұраны.

II орынға №1, 18, 19,23, 28, 33, 34, 37, К. Макпалеев, Б.Момышұлы, М.Әуезов,Кенжекөл ЖОМ оқушылары, III орынға - №1, 6, 14, 16, 17, 18, 19,28, 29, 30,  33, 36, 37, 39, К. Макпалеев, Б. Момышұлы, М. Әуезов, Кенжекөл ЖОМ  оқушылары ие болды.