Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Олимпиадалық резерв мектебіндегі күзгі демалыс
12-11-2020 17:34
Олимпиадалық резерв мектебіндегі күзгі демалыс

Қала мектептерінің оқушылары күзгі демалыстарын пайдалы өткізді. Ағымдағы жылдың 2-11 қараша аралығында "Алтын сын" және "Жас ғалым"олимпиадалық резерв мектебінің оқу-жаттығу жиыны өтті. Оқыту педагог-тренерлердің – қала ЖОО жетекші ғалымдарының, облыс мектептерінің үздік педагогтерінің оқытуымен өтті.

Аталған мектептер 2017 жылдан бастап "Павлодар дарыны" ББУҚДДО жанында қала оқушыларының облыстық, республикалық, халықаралық пәндік олимпиадаларда, турнирлер мен конкурстарда өнер көрсетуінің нәтижелілігін арттыру мақсатында жұмыс істейді.

Ережеге сәйкес мектепте облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқиды.

Барлығы 38 мектептен 206 оқушы қатысты. Сабақтар 13 пән бойынша өтті.

Алдағы уақытта "Алтын сын" және "Жас ғалым" олимпиадалық резерв мектебінің қатысушыларына облыстық, республикалық, халықаралық пәндік олимпиадаларда, турнирлер мен байқауларда жаңа жеңістер тілейміз.