Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың құқықтарын қорғаймыз
13-11-2020 17:35
Балалардың құқықтарын қорғаймыз

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2020 жылғы 5 - 13 қараша аралығында "Бала құқығы - адам құқығы" қалалық қашықтық конкурсы өткізілді. Мақсаты - білім алушылардың адам құқықтары саласындағы білімді меңгеру, мәдени және ұлттық дәстүрлерді, көзқарастар мен пікірлерді, белсенді азаматтық ұстанымды түсіну мен құрметтеуді қалыптастыру, жастарды гуманизм, бостандық және демократия рухында тәрбиелеу. Қаланың жалпы білім беру мектептерінен 5 - 8 сыныптардың 81 оқушысынан тұратын 27 команда қатысты. Олар № 6, 7, 9, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 24, 25, 26, 28, 29, 32, 33, 34, 36, 38, 39, 42, 43, К. Мақпалеев атындағы,Қ, Бекқожин ат, Б. Момышұлы ат, Кенжекөл, Жетекші мектептері.

          Байқау шарты бойынша қатысушылар "Бала құқығы - адам құқығы" тақырыбына буклеттер, жадынамалар, плакаттар ұсынуы тиіс. Қазылар алқасы шығармаларда тақырыпты дұрыс жеткізе білу, орындау ерекшелігі, шығармашылық көзқарасты ескерді.

          Байқау қорытындысы бойынша "Үндеу парақтары" бағытында I орынды № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Гнускина Екатерина, № 26 ЖОМ 5 сынып оқушысы Алимбаева Камила, "Жадынама" бағытында І орынды №18 ЖОМ 7 сынып оқушысы Барбашин Богдан иеленді.

          ІІ орынды "Үндеу парақтары" бағытында № 6, 15, 25 ЖОМ оқушылары, "жадынама" бағытында № 16, № 18 мектеп оқушылары, "парақшалар" бағытында           ІІ орынды № 21 ЖОМ оқушылары иеленді. Олар шығармашылық тәсіл тауып, "бала құқығы", "Бала құқықтары туралы конвенция", "Бала құқығы – адам құқығы"тақырыптарының толық ашылғандығын көрсетті.

          "Үндеу парақтары" бағытында ІІІ орынға  № 6, 11, 25, 33, 36, 39, М. Әуезов атындағы орта мектебі, Жетекші ЖОМ оқушылары ие  болды.

          Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" орталығының сертификаттарына ие болды.