Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі туралы
18-11-2020 08:47
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі туралы

 

          2020 жылғы 20 қараша қаланың жалпы білім беретін мектептерінде 5-6 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі алғаш рет өткізіледі. Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындық, білім берудің беделін арттыру.

          Пандемияға байланысты Олимпиада келесі пәндер бойынша қашықтық форматта өтеді: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, қазақстан тарихы.

          Олимпиада кезеңдері:

- мектеп кезеңі – 23 қазан; аудандық – 20 қараша; облыстық – 9 желтоқсан.

          Олимпиаданың қалалық кезеңіне қаланың 39 жалпы білім беретін мектептерінен 5-6 сыныптардың 435 оқушысы мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады.

          Қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша I, II орын алған оқушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.