8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардыңқашықтық қалалық кезеңініңжеңімпаздары мен жүлдегерлері іріктеу турдан өтті.
Облыстық қашықтық іріктеу тур 2020жылдың 2-14 қараша аралығында өтті. Оқушылардың ғылыми жоба конкурсына Павлодар қаласының 32 жалпы білім беру мектептерінен 114 оқушы қатысты, 19 секция бойынша 114 зерттеу жұмыстарын ұсынды. Ең көп жобалар болған секциялар қоршаған ортаны қорғау (14), физика (11), өлкетану,тіл білімі ағылшын тілі (9), этномәдениет , тарих (8)
Оқушылар жобаларын жоғарғы оқу орындарының оқытушылары бағалады, әрбір жұмысқа сараптама қорытындылары жазылды. Қалалық кезеңнің 114 жеңімпазының 59 жобасы облыстық турға жіберілді № 16 (2), № 20 лицей- мектебі (1), № 1 (2), 7 (2), 11 (2), К.Бекхожин (1), 17 (5), 19 (1), 21 (5), Б. Момышұлы (3), 25 (7), 26 (1), 27 (3), 29 (4), 30 (1), 34 (1), 35 (3), 36 (1), 37 (6), 39 (1), 40 (1), 41 (3), КЖОМ (2), ЖЖОМ (1) .
COVID - 19 короновирустық инфекцияны таратуды болдырмауға байланысты пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізу жоспарлануда. Облыстық кезең 23 – 30 қарашада өтеді.