Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА «МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ»
15-12-2020 17:00
«ПАВЛОДАР  ОБЛЫСЫНДА  «МЫҢ БАЛА»  ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ»

 «Ел Yмiтi» Елбасы бастамасы аясында, Қазақстанда жергілікті ауыл мектептері оқушыларының қабілеті мен талантын қолдау және дамыту мақсатында биыл алғаш рет «Мың бала»  Ұлттық зияткерлік олимпиадаөткізілді. Олимпиаданың басты ұйымдастырушысы«Академия Елбасы»бірлескен қоры болып табылады.

Олимпиада 2020жылғы 24ақпанда бастау алды. Оған республиканың ауыл мектептерінің 5 және  6 сыныптың 295 мың оқушысы қатысты. Олимпиада екі кезеңде өтті: сырттай (қатысушыларды саралау «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және  «Ағылшын тілі» пәндері бойынша ағымдағы оқу жылының І және ІІтоқсан үшін бағалау нәтижесінде өткізіледі ( немесе оларға сәйкес пәндерден 5 және 6 сыныптың мектеп бағдарламасынан) және күндізгі (іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша өткізіледі,оған оқушылардың  функционалдық сауаттылық және абстракты-логикалық ойлау бағасы енеді).

Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Күні қарсаңында Павлодар облысының  әкімдігінде «El Úmiti» жобасының 10 белсенді қатысушысын марапаттау ұйымдастырылды. Бейнеконференция байланыс арқылы марапаттау рәсіміне біруақытта қала,аудан әкімдері және жоба жеңімпаздары қосылды. Н.Назарбаев Қорынан сапалы қашықтық білім беру үшін жағдай құру мақсатында  «Мың бала» олимпиаданың барлық жеңімпаздарына  ноутбук берілді. Облыс әкімі Абылкаир Скаков Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектепке жоғары көрсеткіші үшін  қабылданған, олимпиада да жоғары нәтиже көрсеткен 5 жеңімпазға ноутбук берді: Тілеубекұлы Мұстафа (№ 38ЖОМ Павлодар қаласы), Шакар Нұрасылу, Кабибулла Алтынай және  Калиева Айхана (Кенжекөл ЖОМ Павлодар қаласы); Аманбек Жұбаныш Кенжекөл ЖОМ Павлодар қаласы).

Марапаттау рәсімі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен өткізілді.