Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы«Қазақстан. Тәуелсіздік шежіресі»бейнеэкскурсиясын өткізді. Бейнеэкскурсияға Павлодар қаласының 5 - 7 сыныптары арасында жалпы білім беретін мектептердің 48 оқушысы қатысты.
Бейнеэкскурсияның мақсаты - патриотизмді қалыптастыру және өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулу, білім беру жүйесінде білім алушылармен ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
Бейнеэкскурсияның міндеттері - инновациялық педагогикалық практиканы дамыту, білім беру процесіне қатысушылармен ағарту жұмысы; білім беру процесіне қатысушылармен ағарту жұмысын ұйымдастыру мақсатындағы бейнеэкскурсияколлекциясын құру.
Бейнеэкскурсияның тақырыбы-біздің Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бері хронологиялық тәртіппен қалыптасуы, Қазақстан Республикасының жетістіктері және Тәуелсіздіктің 29 жылдық кезеңіндеболған маңызды оқиғалар.
Бейнеэкскурсия "Zoom" бейнеконференция сервисі арқылыонлайн форматта өтті. Бейнематериал тәуелсіздіктің әрбір жеке жылы бойынша хронологиялық тәртіппен ұсынылды және Қазақстан тарихындағы әрбір жеке кезең үшін болған оқиғалардың үзінділері ұсынылды.
Оқушылар еліміздің тарихын білуге және зерттеуге терең қызығушылық танытты, Қазақстан Республикасының халықаралық аренада қалыптасу жолында болған маңызды оқиғалар мен фактілерді білді, қызықтырғансұрақтардықойды.