Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы.
19-01-2021 09:43
Жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы.

2021 жылғы 13-15 қаңтар аралығында онлайн режимінде Google meets платформасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.

Олимпиадаға алты пән бойынша 284 оқушы қатысты.

Қалалық кезеңде I орын алған оқушылар қала намысын қорғады: Б.Момышұлы атындағы ЖОМ - Шахмет Әлиша, № 2 ЖОМ - Кунанбаев Ержан, № 6 ЖОМ - Кильбер Елизавета, № 11 ЖОМ - Попов Ярослав, № 17 ЖОМ - Салова Лея, № 25 ЖОМ - Жақсыбаева Малика, № 34 ЖОМ - Абишев Нариман, Семидко Елизавета, Кананадзе Никита, Юсопов Даниил, № 37 ЖОМ - Серікбай Нұрахмет, № 39 ЖОББМ - Ілияс Әмірәлі, Қасымов Рамиль, Вирясова Кира, № 38 ЖОББМ - Тілеубекұлы Мұстафа, № 43 ЖОББМ - Левина Ангелина, Зиневич Мария және екеуі № 2 ЖОББМ - нің қолдаухаты бойынша Жанғабулова талшын, № 9 ЖОББМ- Солонович Вера.

Олимпиада жазбаша түрде бір турда өткізілді.

Облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша қала мектептерінің оқушылары он екі жүлделі орынға ие болды: I орын – 2, II орын – 3, III орын – 7.

I орынды № 34 ЖОМ 8 сынып оқушылары Юсопов Даниил және № 39 ЖОМ Ильяс Амирали; II орынды № 25 ЖОМ 8 сынып оқушылары Жақсыбаева Малика, № 39 ЖОМ 7 сынып оқушысы Касымов Рамиль, № 39 ЖОМ 7 сынып оқушысы Вирясова Кира, III орынды № 2 ЖОМ 7 сынып оқушылары Кунанбаев Ержан, Жанғабулова Талшын, № 34 ЖОМ 8 сынып оқушылары Семидко Елизавета, Кананадзе Никита, Абишев Нариман, 6 сынып оқушысы № 38 ЖОББМ Тілеубекұлы Мұстафа, № 43 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Зиневич Мария.