Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар экология мәселелерін талқылады.
27-01-2021 15:25
Павлодарлық оқушылар экология мәселелерін талқылады.

Облыстың білім беру басқармасының "Ертіс  дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы "Ертіс" облыстық телеарнасымен бірлесіп қашықтықтан "Жас экорепортер"облыстық экологиялық конкурсын өткізді. Конкурсқа қатысушылар "Елімізде және менің елді мекенімде табиғатты қорғау", "Менің экологиялық іс-шараларға қатысуым", "Біздің аймақтың экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары"тақырыптары бойынша экология және табиғатты қорғау мәселелеріне арналған жұмыстарды ұсынды. Байқауға облыс мектептерінің 9-11 сыныптың 47 оқушысы, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.

      Қазылар алқасы құрамында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің жетекші оқытушылары, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің  балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығының педагогтары, облыстық "Ертіс"телеарнасының редакторы ұсынылған жұмыстарға талдау жасады. Бағалау шарттарына сәйкес, байқаудың 24 жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Олар облыстық білім беру  басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды. Олардың ішінде 6 қатысушы I дәрежелі дипломға, 8 - II дәрежелі дипломға, 10 - III дәрежелі дипломға ие болды.

      І дәрежелі дипломмен 6 оқушы, оның ішінде Павлодар қаласы  № 20 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Рыбин Данила, Павлодар қаласы №35 мектептің 11 сынып оқушысы Жаменкина Жұлдыз марапатталды. Данила байқауға тұрмыстық қалдықтар мен оларды кәдеге жарату мәселесі туралы "Қоқыс мәселесі" атты бейнерепортаж ұсынды. "Мұның бәрі біз тұратын ауладан басталады: таза аула, таза қала, таза планета", - дейді жас экологиялық күрескердің ұраны. Жұлдыз өзінің репортажында Павлодардағы  тұрмыстық қалдықтар мәселесін көтерді және пластикалық ыдыстарды  кәдеге жарату бойынша робот  құрған №35 мектептің  10 сынып оқушысы Елтай Елнұрдан сұхбат алды