Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Бастау" бастауыш сынып оқушыларының қалалық математикалық турнир қорытындысы
29-01-2021 13:12

           Оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға тиімді дайындау, математикадан дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында 2021 жылғы 28 қаңтарда "Бастау"бастауыш сынып оқушыларының қашықтықтан  қалалық математикалық турнирі өткізілді. Жалпы білім беретін    40мектептен  2-4 сыныптың177 оқушысы  және "Лингва" жеке мектебінен 1 оқушы қатысты. Қатысушылар GOOL платформасында тест тапсырмаларын орындады.

            Балалар математикалық білім мен сын ойлаудың жоғары деңгейін көрсете отырып, сыннан абыроймен өтті.

            Тур қорытындысы бойынша 84 жүлдегер марапатталды. Оның ішінде: 1 орын - 7, 2 орын - 18, 3 орын - 59.

            2 сынып оқушылары арасында І дәрежелі дипломмен № 6 ЖОМ оқушысы Туртугулов Арслан  және № 25 ЖОМ оқушысы Жұман Арон, ІІ дәрежелі дипломмен № 5, 14 , Б. Момышұлы атындағы , 32, 33, 35, 41 ЖОМ оқушылары; ІІІ дәрежелі дипломмен- № 1, Мақпалеев атындағы, 17, 18 (2), 19, 21, 26, 27, 28 (2), 29, 30, 31 (2), 32, 33, 34, 39, 40,  М. Әуезов атындағы, 43, КЖОМ оқушылары  марапатталды.

           3 сынып оқушылары арасында І дәрежелі дипломмен № 39 мектептің оқушысы Власов Роман және № 37 мектептің оқушысы Балтабай Аиша,ІІ дәрежелі дипломмен № 1, 13, 14, 21, 26, 34, 40 ЖОМ оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен - № 2 ЖОМ.Мақпалеев атындағы, 9 (2), 11, Қ. Бекқожин, 16,Б. Момышұлы атындағы, 24, 25, 29, 32, 33, 35, 36, 38,М.Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ оқушылары марапатталды.

           4 сынып оқушылары арасында І дәрежелі дипломмен- № 23 мектептің оқушысы Кирилл Қабанов, № 1 мектептің оқушысы Бердібек Жәнібекұлы және      № 2 мектептің оқушысы Расул Белгибаев, ІІ дәрежелі дипломмен- № 5, 9, Б. Момышұлы атындағы, № 35 ЖОМ оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен – Мақпалеев атындағы, №.6, 7, Қ. Бекқожин, 13, 17, 21, 24, 25, 26, 32, 37, 39, 40, 41, 43, КЖОМ  оқушылары марапатталды

 

           Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар ағымдағы жылдың ақпан айында өтетін облыстық    кезеңге   сәттілік тілейміз.